Қазақстанда наурыз айында демалыс күндерінің саны артады

Қазақстанда наурыз айында демалыс күндерінің саны артады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Референдумда қабылданған Негізгі заң күшіне енгеннен кейін 15 наурыз Қазақстанда мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып жарияланады.

“Халық референдумда қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінің өзінде-ақ референдум өткен күн мемлекеттік мереке, яғни күнтізбедегі қызыл күн болып белгіленетіні көрсетілген”, — деп түсіндірді ол.

2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Мерекелік күндердің ауыстырылуына байланысты қосымша демалыс күндері беріледі, нәтижесінде бұл ай жұмыс күндерінің саны жағынан ең қысқа айлардың біріне айналады.

Айта кетейік, 2026 жылы қазақстандықтар үшін 119 демалыс күні және 246 жұмыс күні жоспарланған болатын. Енді бұл көрсеткіш бір күнге азаюы мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды