Қазақстанда стейблкоин криптовалютасы іске қосылды

Ұлттық банкте теңгемен қамтамасыз етілген алғашқы стейблкоиннің іске қосылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов стейблкоинді іске қосу елдің қаржы жүйесін цифрлық трансформациялауда маңызды қадам екенін атап өтті.

“Бүгін біз Ұлттық банктің реттеушілік құмсалғышы аясында ұлттық валютамыз – теңгемен номинацияланған алғашқы қазақстандық стейблкоинді іске қосып отырмыз. Қазіргі әлем цифрлық трансформация дәуірін бастан өткеруде. Бұл өзімен бірге сынақтарды да, ең бастысы – көптеген мүмкіндіктерді де әкеледі. Мұнда цифрлық активтер мен блокчейн технологиялары ерекше орын алады. Бұл қаржы қызметтерін дамытуға, қаржылық инклюзияны арттыруға, инновациялық өнімдер жасауға және жалпы еліміздің ілгері жылжуына жаңа перспективалар ашады”, — деді Сүлейменов.

Стейблкоин дегеніміз не?

Стейблкоин – бағамы нақты активтерге: ұлттық валютаға, алтынға немесе өзге де тұрақты ресурстарға байланған криптовалюта. Биткоин немесе эфириумнан айырмашылығы, мұндай цифрлық активтердің құны қатты құбылмайды. Сондықтан оларды әлдеқайда сенімді төлем құралы ретінде қолдануға болады.

Фото: depositphotos.com

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды