Қазақстанда табыс декларациясын тапсыру тәртібі өзгереді

Қазақстанда табыс декларациясын тапсыру тәртібі өзгереді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

“Жаңа Салық кодексінде декларацияны алдын ала автоматты түрде толтыру элементі қарастырылған. Келесі жылдан бастап шағын бизнеске осындай мүмкіндік ұсынамыз. Әрі қарай осы функцияның аясын кеңейте береміз. Ал ірі бизнеспен «көлденең мониторинг» жобасын қолға алғанбыз. Ірі бизнес бізге ішкі есептерінің бәрін, құжаттарын тапсырады. Сол арқылы бүкіл деңгейдегі операциялардың мазмұнын түгел көре аламыз. Осының арқасында декларация тапсырудың қажеті де болмай қалады”, – деді Біржанов.

Оған қоса салық төлеушілерге қолдау көрсететін тетіктер қарастырылып жатқанын айтты.

“Қазір бизнеспен жобаны салық төлеушілердің басқа санаттарына да қолдану бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Егер бәрі цифрлық форматта болса, онлайн құжат алмасуды жолға қоя алсақ, декларация тапсырудың қажеті өздігінен жойылады”, – деді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ, ол алдын ала толтырылған декларацияны салық төлеушіге мемлекеттік кірістер қызметінің өзі ұсынатынын айтады.

“Біз басқа мемлекеттік органдардан, ұйымдардан деректер жинап, салық төлеушінің өзіне көрсетеміз. Бұл бір қызметтің түрі деуге де болады. Салық төлеуші осы алдын ала толтырылған декларацияның растығымен келісе де алады, түзете де алады. Бұл жерде біз салық төлеушінің рөлін өзімізге толық аламыз, кейін ол декларация өзгертілмейді деген сөз емес. Салық төлеуші “жоқ, мына көрсетілгенді табыс деп есептемеймін” деп те айта алады. Осылай түзету енгізе алады”, – деді вице-министр.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды