Қазақстанда энергетика министрі 2025 жылғы 11 тамыздағы бұйрығымен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды, деп хабарлайды +7.kz.
Бұйрыққа сәйкес, “Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті” мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесіне өзгерістер енгізді.
“Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті – жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын Энергетика министрлігінің ведомствосы”, – делінген құжатта.
Комитет құзыретіне не кіреді:
– мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
– реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық құзыретін орындауға қатысады;
– жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізеді;
– ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады;
– рұқсат беру рәсімін жүзеге асырады;
– мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады.
Жаңа комитет құру туралы бұйрық 2025 жылғы 25 тамызда күшіне енеді.
Фото: freepik.com








