Қазақстанда жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізілмек

Алдағы жылы Алматы мен Астана қаласының орта білім бағдарламасына жүзу спорты енгізілмек, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин айтты.

“Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылы әлемде 235 мыңнан астам адам суға батып кетті, оның 82 мыңы 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл цифр халықты қарапайым жүзу дағдылары мен суда қауіпсіздік тәртібін оқытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірге жүзу спортын енгізу жұмысы жасалып жатыр. Оның аясында жүзу сабағы дене тәрбиесі жүйесіне енгізіліп, мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналады”, – деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл жобаны 2026 жылы Алматы мен Астана қаласында енгізу жоспарланып отыр. Одан кейін біртіндеп бүкіл елімізге енгізіледі.

“Мұндай бастама АҚШ, Австралия, Мажарстан сынды елдерде жүзеге асырылып жатыр. Олар әлемде жүзуден ең мықты мемлекеттердің бірі саналады әрі ұзақ жылдан бері мектеп жүйесінде балаларды жүзуге міндетті түрде үйретуді табысты енгізген. Жобаны іске асыру ерте бастан балалардың суда қауіпсіз болу дағдысын қалыптастырып, оларды спортқа тартуға мүмкіндік береді”, – деді Дмитрий Баландин.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 42 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 63 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 127 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 59 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 56 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 96 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды