Қазақстандықтардың 2025 жылдың желтоқсанында және жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желтоқсан айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады. 16 желтоқсан Тәуелсіздік Күні сейсенбі күнге түседі және бұл күн ресми демалыс күні болып жарияланған. Алты күн жұмыс істейтін қызметкерлер де 16 желтоқсан күні демалады.
Алайда 31 желтоқсан — жұмыс күні. Осыған дейін әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету туралы идея талқыланған болатын. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күн мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін және оны демалыс күні деп жариялау “орынсыз” екенін еске салды.
2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар қалай демалады?
Бес күн жұмыс істейтіндер:
- 30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;
-
1 және 2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс күндері;
-
3 және 4 қаңтар — демалыс күндері;
-
5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
-
7 қаңтар (сәрсенбі) — православ Рождествосына арналған демалыс күні.
Алты күн жұмыс істейтіндер:
-
30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;
-
1 және 2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс күндері;
-
3 қаңтар (сенбі) — жұмыс күні;
-
4 қаңтар (жексенбі) — демалыс күні;
-
5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
-
7 қаңтар (сәрсенбі) — православ Рождествосына арналған демалыс күні.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсан айы мен 2026 жылдың қаңтар айында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.








