Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды +7.kz.
“Ұлттық қауіпсіздік комитетінің cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады. Вице-министр сот санкциясымен қамауға алды”, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: Видеодан скрин








