Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұрғындар лифтте қалып, байланыссыз қалған, деп хабарлайды +7.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Видео авторының айтуынша, оқиға кезінде лифт кабинасында ұялы байланыс пен интернет болмаған, сәйкесінше жәбірленушілер көмек шақыра алмаған.
“Адамдар лифт қабырғасын ұрып, көмекке шақырды”, – деп жазады видео автор.
Кадрларда оқиға орнына келген маманның адамдарды лифтен қолмен тартып шығарып жатқанын байқауға болады.
Астана қаласы ТЖД оқиғаның 28 қыркүйекте Тулебаев көшесі, 5 мекенжайында болғанын хабарлады.
“112 пультіне адамдардың лифт ішінде қалып қойғаны туралы хабар түсті. Диспетчерлер жедел түрде “109” қызметіне ақпарат берді, олар лифт компаниясының оқиға орнына аттанғанын хабарлады. ТЖД күштері мен құралдары тартылған жоқ”, – деді баспасөз қызметі.
Фото: Вдеодан скрин
Посмотреть эту публикацию в Instagram








