Қостанай облысы Әулиекөл ауданында ер адам әйелі мен баласын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды +7.kz.
Отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұсталды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 29 қыркүйекте “102” желісіне ер адам қоңырау шалып, көшеде өзіне жас қыз келіп, үйінде анасы мен ағасы еденде жатқанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер екі адамның мәйітін тапқан. Кейіннен 51 жастағы күдіктінің қолға түскені белгілі болды.
“Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Видеодан скрин








