Құлсарыдағы мектепте оқушы балаларды балтамен қуалаған

Атырау облысының Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы сыныптастарымен болған жанжалдан кейін мектеп ішінде балтамен жүгіріп, оқушыларға шабуыл жасаған, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан балта ұстаған жасөспірімнің басқа оқушыларды қуып жүргенін көруге болады. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан екі жасөспірім зардап шеккен.

“5 ақпанда “102” арнасына оқушылар арасындағы жанжалдан кейін мектеп оқушысының оларға шабуыл жасап, кейін білім беру мекемесінің аумағынан шығып кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Хабар түскен соң оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Шабуыл жасаған жасөспірім анықталып, ұсталды”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Жанжалға қатысқан барлық тараптар, сондай-ақ олардың ата-аналары анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.

“Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасына кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс аясында қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғалары мен оқу орнын күзеткен күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды