Kundelik жүйесіндегі оқушылардың деректері тарап кеткен: Тергеу жүріп жатыр

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Kundelik жүйесінен мектеп оқушылары деректерінің таралып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, Kundelik мемлекеттік жүйе емес. Ол жеке компанияға тиесілі.

“Бұған дейін біздің ведомство айтқандай, қазір тергеу жүріп жатыр. Іс әлі аяқталған жоқ. Осы іс аясында барлық есеп-қисап ұсынылады. Тиісті шаралар алдағы уақытта мұндай жайт қайталанбас үшін уақытылы әрі жедел түрде қабылданды. Барлық кемшілік ескеріледі”, — деді вице-министр.

Дмитрий Мун ақпараттық қауіпсіздік саласына қойылатын талап үнемі жаңартылып отыратынын айтады.

“Жүйе мәселен әр жарты сайын толықтырылып отырады. Заңға сәйкес әр толықтырудан кейін тиісті сынақтан өтуі қажет. Осы аясында барлық талаптың, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы заңның орындалғанына сараптама жасалады”, — деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласындағы саясатты қалыптастыруға жауап береді. Ал бекітілген ережелер мен талаптардың сақталуына цифрлық нысан иесі тікелей жауапты.

Фото: Kundelik.kz

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды