Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, — деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қуанышбек Есекеев туралы не белгілі?
Ол 1975 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1997 жылдың ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы математика кафедрасында оқытушы болып бастады.
1998–2002 жылдары – “Қазақойл” АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
2002–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің информатизация департаментінің директоры;
2004–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
2007–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
2010–2024 жылдары – “Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасы.
2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кетейік, дәл осы күні Президент Жарлығымен Марат Ашим Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Хаттамалық қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Айта кетейік, осыған дейін Марат Әшім президенттің кеңесшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз.








