Қызылорда облысының тұрғыны жұбайына құрметсіздік көрсеткені үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды +7.kz.
Іс материалдарына сәйкес, Қазалы ауданының тұрғыны бірнеше рет үйіне мас күйінде келіп, жұбайын балағаттап, оның тыныштығын бұзған. Мұндай әрекеттерін ер адам бір жыл ішінде үш рет қайталаған.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, мұндай қателікті қайталамайтынын айтты. Жәбірленуші жұбайы оқиғаны растады және күйеуін кешіретінін мәлімдеді.
“Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігі бойынша іс қаралды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады”, – делінген хабарламада.
Фото: istockphoto.com








