Қызылордада жүргізуші куәлігі жоқ қызметкер балабақша көлігін жүргізген

Қызылордада жүргізуші куәлігі жоқ адамдар балабақша көлігін жүргізген, деп хабарлайды +7.kz.

11–13 тамыз аралығында Қызылорда қаласының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында “Балабақша” жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, іс-шара барысында 305 құқық бұзу дерегі тіркелді.

“Оның ішінде міндетті сақтандыру туралы заңнама талабын бұзудың 26, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 62 дерегі анықталды. 30 көлік міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген болса, 132 жағдайда артық жолаушы немесе балаларды ұстау құрылғысынсыз алып жүрген. 14 адам көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, ал 1 адам көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан темір тұлпар тізгіндеген. Заң талабын бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, 28 көлік айыппұл тұрағына жіберілді, 23 мемлекеттік белгі тәркіленді”, – делінген хабарламада.

11 тамыз күні Шиелі ауданында полиция қызметкерлері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен автокөлікті тоқтатып тексергенде ішінде балалар бар болып шықты. Автокөлік балабақшаға тиесілі екен, ал бүлдіршіндер сонымен балабақшаға бара жатқан.

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

 

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды