Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі парақшасында бөлісті. Ол 16 жастағы қыздың ұрланғанын, тұтқында болғанын және зорланғанын айтады. Ол бала босанған. Енді тергеушілер мен күдіктінің туыстары оған қысым көрсетіп жатқан көрінеді.
“Бізге 16 жастағы қыз көмек сұрап жазды. Бұрын көлік ұрлығы үшін сотталған 29 жастағы ер адам және оның досы қызды көлікке күштеп отырғызып, пәтерге апарып, таңға дейін зорлаған. Қыз жүкті болып, босанды. Бала қазір бір айлық. Қызға тергеушілер мен ер адамның туыстары қысым көрсетіп жатыр. Неліктен балаларды қорғау қызметтері қорғауды қамтамасыз етпеді? Неліктен тергеушілер жәбірленушіге қысым көрсетіп жатыр?” – деп жазды құқық қорғаушы.
Қызылорда полиция департаменті зорлауға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Іс басшылықтың қарауында.
Фото: depositphotos.com
Посмотреть эту публикацию в Instagram








