Мадуро ұсталған: АҚШ Венесуэладағы әскери нысандарға шабуыл жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Венесуэла аумағындағы нысандарға соққы жасағанын және ел президенті Николас Мадуроны ұстап, елден әкеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Венесуэла президентінің қайда екені белгісіз.

“Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Ол жұбайымен бірге ұсталып, ұшақпен елден шығарылды. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылды”, — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ ол жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз конференциясын өткізетінін хабарлады. Қазіргі кезде Трамп Флорида штатындағы резиденциясында демалыста жүр.

Бұған дейін Трамптың Венесуэла аумағындағы, соның ішінде әскери нысандарға соққы беру туралы бұйрық бергенін айтылған. Сенбі күні таңертең Венесуэланың астанасы Каракаста жарылыстар болғаны хабарланды. Ақ үй мен Пентагон бірнеше сағат бойы Венесуэлаға жасалған соққылар туралы ақпаратқа пікір білдірмеген еді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроға қысым көрсету және оны қызметінен кетуге мәжбүрлеу мақсатында бұл елде құрлықтағы операция жүргізу жоспарлары туралы бірнеше рет айтқан.

CBS News телеарнасы Вашингтондағы дереккөздерге сілтеме жасап, Трамптың Венесуэла аумағындағы, соның ішінде әскери нысандарға соққы беруге бұйрық бергенін хабарлады.

CBS News-тің АҚШ әкімшілігіндегі екі дереккөзіне сәйкес, Дональд Трамп операция басталардан бірнеше күн бұрын Венесуэлаға соққы жасауға келісім берген.

Негізі операция Рождество уақытына жоспарланған. Алайда АҚШ билігі ол уақытта “Ислам мемлекеті” ұйымына жасалатын соққыларға басымдық берген көрінеді. Рождестводан кейін соққы жасауға мүмкіндік артқанымен, қолайсыз ауа райына байланысты операция кейінге шегерілген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды