Маңғыстауда жүзден аса итбалық өлексесі табылды. Аймақта итбалықтардың жаппай қырылуы қайта басталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кеше 3 қарашада Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы жағалаудан 112 Каспий итбалығынның өлексесін тапты.
Экологтардың хабарлауынша, мамандар Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізген.
“Сонымен қатар, облыстық балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында, Каспий итбалығының 112 өлексесі анықталды. Оның ішінде, Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін – 39, Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутино мүйісіне дейін 73 өлексе анықталды”, – делінген хабарламада.
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті








