Медицина қызметкерлеріне шабуылдағандар 12 жылға сотталады: Заң қабылданды

Сенаттың жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық кодекске 380-3-бап енгізілді. Онда медициналық қызметкерлерге жасалатын қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылық түрлері нақты бөлінген.

Егер дәрігерге немесе жедел жәрдем жүргізушісіне қауіп төндірілсе не денсаулығына қауіпті емес күш қолданылса, жаза ретінде:

– айыппұл,

– қоғамдық немесе түзеу жұмыстары,

– 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру қарастырылған.

Егер шабуыл ауырлататын жағдайда жасалса (топ болып, қайталап, бірнеше адамға, төтенше жағдай кезінде):

3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қолданылады.

Ал егер зорлық өмір мен денсаулыққа қауіпті болса:

– 5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы беріледі.

– Ауырлататын жағдайда — 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Заң бойынша мұндай істерді полиция тергейді.

Сенатор Руслан Рүстемовтың айтуынша, қазіргі таңда қорықшыны қорғау үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал өмір сыйлайтын дәрігерлер осы уақытқа дейін тек “бұзақылық” бабымен ғана қорғалып келді.

“Бұл заң медициналық ұжымдарға қорғаныш сезімін береді және мемлекет тарапынан олардың еңбегін бағалаудың нақты сигналы болады. Медициналық ұжымдар бұл заңды көптен бері күтіп отыр. Ол дәрігерлерге жетіспейтін қорғаныш сезімін береді. Бұл мемлекет тарапынан. “Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз және өмірлеріңізге қауіп төнуіне жол бермейміз” деген нақты сигнал”, — деді ол.

Сонымен, заңмен Қылмыстық кодекс жаңа 380-3-баппен “Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе оны қолдану” толықтырылады.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды