Ресейден заңсыз ақша кіргізген: Молдовадағы Гагаузия басшысы 7 жылға сотталды

Кишинев қаласының соты Гагаузия автономиясының басшысы Евгения Гуцулды заңсыз қаржыландыру ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды +7.kz.

Тергеу дерегінше, Гуцул 2019–2022 жылдары «Шор» партиясының хатшысы болып тұрған кезінде Ресейден Молдоваға заңсыз ақша жеткізумен айналысқан. Ол партия кеңселерінің жұмысын үйлестіріп, ұйымдасқан қылмыстық топтан 42,5 миллион лей (шамамен 2,4 миллион доллар) көлемінде қаржы алған деген айып тағылған.

Соттағы соңғы сөзінде Евгения Гуцул өзіне тағылған айыптарды мойындамай, ақтауын сұрады.

“Мен Молдоваға бір лей де алып келген жоқпын. Менің екі балам бар – бірі 16-да, екіншісі небәрі 3 жаста”, – деді ол.

Адвокатының айтуынша, Молдова заңдарына сәйкес, аналар жазасын балалары 8 жасқа толғаннан кейін өтеуге құқылы.

Сот үкіміне сәйкес, Евгения Гуцул заңсыз қаржы ретінде танылған 40 миллион лейді қайтаруы тиіс.

Сондай-ақ осы іс бойынша партияның тағы бір хатшысы Светлана Попан 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: РИА Новости

Related Posts

Трамп АҚШ НАТО-дан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің НАТО-дан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына…

Толығырақ

Трамп: АҚШ пен Иран арасында келіссөздер өтті

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс жаңа дипломатиялық кезеңге өтті. Дональд Трамп соңғы екі күн ішінде Вашингтон мен Тегеран арасында…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды