Нұрлан Сабуровты Ресейге кіргізбей қойған: Ол Алматыға ұшып келмек

Ресейлік БАҚ Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруге тыйым салынғанын мәлімдеді. Нұрлан Сабуров Внуково әуежайынан Алматыға ұшып кетпек, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Мәскеудегі Внуково әуежайында паспорттық бақылау кезінде болған оқиғадан кейін Сабуров Дубайға тегін депортациядан бас тартқан. Себебі дереккөздердің айтуынша, ол Дубайға қшып кету шартын қабылдаса, қолына кісен салынуы қажет болсан. Нәтижесінде комик Қазақстанға билет сатып аламын деп шешім қабылдаған.

Mash арнасының хабарлауынша, Сабуров Мәскеуге БАӘ-ден бизнес-класс арқылы ұшып келген. Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарланғаннан кейін ол бірнеше рет депортацияланатынын нақтылаған. Кейін Дубайға кері ұшуға қаражаты жоқ екенін айтқан. Алайда депортация шарттары түсіндірілген соң, ол қаражат тауып, Алматыға билет сатып алған.

Дереккөздердің мәліметінше, ең жақын рейс түстен кейінгі уақытқа жоспарланған.

Жарияланған сәтте ресми мекемелер мен Нұрлан Сабуровтың өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынғанын хабарлаған болатын. Telegram-арналардың мәліметінше, бұл шешім ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты қабылданған, ал комик бұл туралы Мәскеуге келген сәтте білген. Оқиғаға қатысты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды