Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушыларды көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылы көктемгі демалыс 19 наурыз бен 29 наурыз аралығында өтеді. Каникулдың жалпы ұзақтығы – 11 күн. Төртінші тоқсан 30 наурыз күні басталады.
Қазақстанда оқу жылы төрт тоқсаннан тұрады. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Ал төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Төртінші тоқсан 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Осы күннен бастап оқушылар үшін жазғы каникул басталады.
Педагогтер демалыс уақытын тек ойын-сауыққа емес, денсаулықты қалпына келтіруге де арнауға кеңес береді. Мамандардың ұсыныстары:
-
жеткілікті ұйықтау;
-
таза ауада көбірек серуендеу;
-
телефон мен планшет қолдану уақытын азайту;
-
күн тәртібін сақтау;
-
кітап оқу және тыныш демалыс түрлеріне көңіл бөлу.
Фото: depositphotos.com








