Қазақстанда оқушылар күзгі каникул кезінде жеті күн демалады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады”, – делінген хабарламада.
Мектеп оқушыларының күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
- “Балалар кітапханасы” жобасын іске асыру шеңберінде “Демалыста кітап оқимыз” іс-шарасы;
- “Буллингтен қорған!” қауіпсіздік сабағы;
- “Мектеп театрының” жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Фото: depositphotos.com








