Orda.kz бас редакторы, журналист Гүлнара Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде Алматыда Orda порталының кеңсесінде және бас редакторы Гүлнара Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полицияның баспасөз қызметі жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған ақпаратта жаңалық порталының бас редакторына әдейі жалған ақпарат таратты деген бірнеше арыз түскені айтылған.

Алматы полициясының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«Түскен арыздар негізінде ресурстың бас редакторына бірнеше рет әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері аясында арызданушылардың дәлелдері мұқият тексерілуде», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, алдын ала тексеру бойынша 2024 жылы жарияланған материалдардың бірінде құқық қорғау органы қызметкерінің пара алу кезінде ұсталғаны туралы әдейі жалған ақпарат таратылған.

«Бұл оқиғаның орын алмағаны нақты анықталды. Осылайша, Бажкенованың әрекеті қызметкердің кәсіби қызметі туралы жалған түсінік қалыптастырды және оның кәсіби беделіне зиян келтірді», — деп хабарлады полиция.

Департамент мәліметіне сәйкес, басқа жарияланымдардың бірінде мүліктік дауға қатысты залал көлемі мен себептері туралы бұрмаланған және дұрыс емес ақпарат берілген көрінеді

«Сонымен қатар, өткен жылдардағы басқа жарияланымдарға қатысты зардап шеккендердің арыздары бойынша тергеу жүргізілуде, олар да жалған және қоғамды адастыратын ақпарат болуы мүмкін», — деп түсіндірді полиция.

Полиция бас редактордың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын растады.

«Жарияланған әдейі жалған ақпаратты дайындау және тарату жағдайларын анықтау, сондай-ақ олардың шығу тегін тексеру үшін электрондық құрылғылар мен материалдар алынып жатыр», — деп қорытындылады департамент.

Фото: gulnara.bazhkenova/Facebook

  • Related Posts

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, үндеу жариялады

    Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды +7.kz…

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды