“Biz birgemiz” қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылды, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
“Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Тиісті аппеляциялық шағым түскен кезде ол жайында білесіздер. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі”, – деді Елемесов.
Оның атап өтуінше, Қайрат Перизат қор есепшотына түскен қаражатты өзі ғана игерген. Қор қаражатын талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетейік, шілде айында елорда соты Перизат Қайратқа 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Фото: ҚМА








