Президенттің жаңа кеңесшісі Айбек Смадияр кім?

Елімізде президенттің баспасөз хатшысы ауысты. Айбек Смадияров мемлекет басшысының жаңа кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Ал осыған дейін бұл қызметті атқарған Руслан Желдібай орнынан кетті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айбек Смадияр кім?

Айбек Смадияр 2023 жылғы маусымнан бастап 2025 жылдың 15 желтоқсанына дейін Сыртқы істер министрлігінің коммуникациялар департаментінің директоры әрі есми өкілі қызметін атқарған.

2025 жылғы 15 желтоқсанда Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі болып тағайындалған еді.

Айбек Смадияров II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Ол 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы “Қазақстандағы Қытай банкі” АҚ Әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

Фото: СІМ баспасөз қызметі

 

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды