Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы қорғаныс күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Фото: Григорий Беденко








