Қазақстандықтар тағы бір құжатты электронды форматта алады

Қазақстандықтар енді нотариус беретін құжатты электронды форматта ала алады, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін нотариустың атқарушылық жазбасы тек қағаз түрінде рәсімделетін. Оны алу үшін азамат нотариусқа барып, құжаттарының түпнұсқаларын ұсынуы және одан кейін сот орындаушысына жүгінуі қажет еді.

“Нотариустың атқарушылық жазбасы – борышты мәжбүрлеп өндіруге арналған құжат. Яғни, қарызды немесе мүлікті қайтару мақсатында нотариус арнайы атқарушылық жазба жасайды. Мысалы, егер қарыз немесе жалға алу келісімшарты нотариалды расталған болса не болмаса нотариалды атқарушылық жазбаны көздейтін шарт болса, онда борышкерден өндіріп алу үшін сотқа жүгінбей-ақ, бірден сот орындаушысына баруға болады. Бұл уақытты үнемдеп, өндіріп алу рәсімін жеңілдетеді”, – деп түсіндірді Талғат Уәли.

Енді бұл рәсім жеңілдетілді. Атқарушылық жазба электронды форматта, нотариустың электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы рәсімделеді. Мұндай құжат қағаз түріндегімен бірдей заңдық күшке ие.

Сондай-ақ арнайы жеке кабинет жасақталған. Сол арқылы борышкерге хабарлама жолданып, ол өз қарсылығын білдіре алады. Егер қарсылығына негіз болса, нотариус атқарушылық жазбаны жоюы тиіс.

Фото: Gov.kz

  • Related Posts

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, үндеу жариялады

    Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды +7.kz…

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды