“Реал Мадрид” Алматыға ұшып келді. Алматы әуежайында оларды мыңдаған жанкүйер күтіп алды, деп хабарлайды +7.kz.
Корольдік клубтың ойыншыларын көруге мыңдаған футбол жанкүйерлері жиналды. Халық әуежайдан бастап “Реал Мадрид” орналасқан қонақ үйді қоршап, сүйікті ойыншыларын қарсы алды.
Flight Radar дерегінше, олардың ұшағын 22 мыңнан астам адам онлайн бақылаған. Алматы әуежайында мыңдаған жанкүйер күткенмен, футболшылар бірден қонақүйге кетті.
Корольдік команда 30 қыркүйек күні Чемпиондар лигасында алматылық “Қайратпен” ойнайды.
Фото: QazaqstanTV
Посмотреть эту публикацию в Instagram








