“Рэкетир” фильмі арқылы танымал болған қазақстандық актер Мұрат Бисембин көз жұмды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Акетер небәрі 53 жаста болған. Қайғылы хабарды оның қызы Диана жеткізді.
“11.10.1972 – 08.01.2026. Шексіз жақсы көремін”, – деп жазған ол әлеуметтік желіде парақшасында әкесінің суретін жариялап.
Айта кетейік, актер біраз уақыттан бері онкологиямен күресіп жүрген. ол 2025 жылдың желтоқсанында инсульттан кейін ауруханаға түскен.
Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик.
2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік «Параграф 78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың “Рэкетир” және “Ағайынды” фильмдерінде сомдалған.
Бисембинге танымалдық алып келген “Рэкетир” фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталған туындыдағы Руслан образымен байланыстырады.
Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы “Хабар” арнасындағы “Арена” спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі.
Фото: instagram.com/jemappelledali
Посмотреть эту публикацию в Instagram








