Ресейде коронавирустың Stratus деп аталатын жаңа штаммы тарап жатыр, деп хабарлайды +7.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова Stratus деп аталатын SARS-CoV-2 жаңа XFG штаммының таралып жатқанын мәлімдеді.
Попованың сөзінше, жаңа штамм өте жұқпалы, бірақ ауру әдетте жеңіл түрде өтеді.
“Жаңа жағдайлар күн сайын артып келеді. Алдымен 300, кейін 384 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш одан да жоғары болады”, — деді Попова.
Ол коронавирустың әрбір жаңа нұсқасының өмір сүруі мен дамуы үшін өзіндік ерекшеліктері бар екенін атап өтті. Сондықтан инфекцияның салдары әртүрлі болуы мүмкін, алдын алу шараларын сақтау және денсаулыққа мұқият болу маңызды.
Роспотребнадзордың мәліметінше, шілде айының соңына дейін Ресейде Stratus штаммын жұқтырудың 114 жағдайы тіркелген. Ресейде Stratus штаммының алғашқы жағдайы 24 сәуірде тіркелді, ал әлемдегі алғашқы жағдай Канадада 2025 жылдың 27 қаңтарында анықталды.
Фото: gavi.org








