Руслан Берденовтің ісі бойынша сот үкімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды +7.kz.
Сот үкімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Руслан Берденов қалалық әкімдік ғимаратының жанында жарақат алған еді. Кейін Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс сотқа жолданғанын жазған болатынбыз.
21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған. Ол жарақат алып, ауруханаға түсті.








