4 наурызда Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 343 отандасымызды елге жеткізілмек, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті.
“Ертең Жиддадан Қазақстанның 343 адамы жеткізіледі. Бұл — ұшып келетін алғашқы топ”, — деді министр орынбасар Үкімет отырысынан кейін.
Ең алдымен тізімге әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар, 60 жастан асқан азаматтар, сонымен қатар нақты бір ауруы бар тұлғалар енгізілген.
“Балалардың жалпы санын қазір айта алмаймын. Өйткені, әлі толық жасақталып болған жоқ. Біз адамдарымызды Жидда мен Маскат қаласына шоғырландырып жатырмыз. Олар бортқа отырғаннан кейін ғана нақты саны белгілі болады”, — деді Әлібек Бақаев.
Айта кетейік, 3 наурыз күні FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Алматы мен Астанаға 306 жолаушыны жеткізді.








