Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

12 қаңтар күні жолаушылар автобусы Шахтинск қаласынан шыға берісте боран мен көктайғақтың салдарынан жол апатына ұшырады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қатты қарлы боран мен тайғақ жолда жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жолдың жиегіне шығып кеткен,

Оқиға кезінде автобус салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Полиция өкілдері өңір аумағында ауа райының әлі де қолайсыз екенін ескертеді. Боран, екпінді жел және көктайғақ республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендерге жақын аумақтарда қозғалысты қиындатып отыр.

Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, күрт маневрлерден бас тарту және алыс сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру ұсынылады. Ведомство атап өткендей, жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Фото: Видеодан скрин

Related Posts

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды