Шерзат Полат ісі: Айыпталушыларға қандай жаза сұралды

Фото: Жоғарғы сот

Шерзатат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыптау тарапынан сотталушыларға қандай жаза сұралатынын жария етті, деп хабарлайды +7.kz.

“Құрметті төрағалық етуші сот, мемлекеттік айыптың келесі бағытын сұраймын. Ысқақ Думан Қайдарұлы кәмелет жасқа толмаған, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, Әскентай, Балғожаев, Тоқтаубаев, Қалиахметтің әр қайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Ілиясовқа 9 жылға, Тоқтаубаевқа 15 жылға, Сакиевке 20 жылға, Шынасыл Абзал Нұрғалиұлына 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын”, – деді Дана Сәрсенбай.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін пікірталас барысында сөз жәбірленуші тараптың өкілдеріне берілді.

Осыған дейін прокурор Дана Сәрсембай айыптау қорытындысын жариялау барысында Шерзат Полаттың қалай өлтірілгенін баяндаған еді. Тергеу мәліметіне сәйкес, Шерзатқа пышақ жарақатын салғаннан кейін оны шабуыл жасағандар тобы аяусыз соққыға жыққан.

Тергеу нұсқасы бойынша, Шерзат Полатты өлтірді деген басты күдікті – Абзал Шынасыл. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақпен өлімге әкеп соқтырған соққы жасаған.

Айыпталушы Шынасыл Абзал ҚР Қылмыстық кодексінің “Адам өлтіру” бабы бойынша айыпталуда. Сонымен қатар оған “Бұзақылық” бойынша да айып тағылып отыр.

Айыпталушы Сакиев Равиль ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі “Бұзақылық” және 99-бабының 2-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі “Адам өлтіруге оқталу” бойынша айыпталуда.

Белгожаев Шыңғыс, Дархан Аскентай, Нұрқияс Ильясов, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат, Қалиахмет Дидар ҚР ҚК 293-бабы “Бұзақылық” бойынша айыпталуда.

Кәмелетке толмаған Ы.Д.-ға қатысты “Ауыр қылмыс туралы хабарламау” бабымен айып тағылған.

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды