Шерзат Полаттың отбасына демеушілер жаңа үй салып беріп жатыр, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы Шерзат Полат ісі бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Оның сөзінше, үй құрылысын демеуші қаржыландырған.
“Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Міне, батыр. Десе де, халық өз батырын білуі керек. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді”, – деп жазды ол.
Еске салайық, 2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Жақында прокуратура Шерзат Полаттың әкесінің үйі өртенуіне байланысты тергеу әзірге тоқтап тұрғанын хабарлады.








