Шымкент бағытындағы ұшақта жолаушы балағат сөз айтып, жанжал шығарған

Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны ереже бұзғаны үшін Ақтөбе-Шымкент бағытындағы рейстен шығарылды, деп хабарлайды +7.kz.

Жолаушы мас күйінде әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, өзін дөрекі ұстаған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция қызметкері әкімшілік хаттама толтырды.

Оқиға 22 тамыз күні болды. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны мас күйінде жанжал шығарған. Ол әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттап, экипаждың талаптарын орындамаған.

“Ақтөбе-Шымкент” бағытындағы әуе кемесі командирінің актісіне сәйкес полиция қызметкерлері 48 жастағы Түркістан облысының тұрғынын рейстен түсіріп алды. Полиция барған кезде де ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық танытқан. Құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы, яғни қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды”, – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс материалдары қосымша қарау үшін сотқа жіберілді.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 22 тамызда FlyArystan ұшағының бортында болғанын мәлімдеді.

Фото: FlyArystan

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды