Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне күдікті ұсталды

Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта 28 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Шымкент тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған. Күдіктіні іздеуге қала полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Қалаға кіріп-шығатын бағыттарда бақылау күшейтіліп, аумақ толықтай тексерілген”, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде күдікті Шымкент қаласынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақтан табылып, қолға түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұм қызбен таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайларын тергеу барысында анықталатын болады.

Еске салайық, 11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан қаза тапқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Стдент Нұрай Серікбай 11 қаңтар кешкісін Толеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында ауыр жарақат алып, көз жұмған. Оқиға орнындағы бейнежазбада қыздың қашуға тырысқаны, кейін қарсылық көрсеткені, ал күдіктінің оны ұрып-соғып, пышақтағаны анық көрінеді. Қылмыстан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.

Нұрай ата-анасымен бірге қылмыс болған жерге жақын орналасқан көпқабатты үйде тұрған. Оның екі ағасы бар, өзі отбасының кенжесі болған.

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды