Синоптиктер алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды +7.kz.
Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райын солтүстік антициклон айқындайды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанады.
Тек батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.
“Ауа температурасы Батыс өңірде күндіз +30 +37°С-тан +36 +41°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5 +13°С, күндіз +15 +20°С-қа дейін төмендейді”, – деп мәлімдеді синоптиктер.
Фото: pixabay.com








