Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Айзат Жұманованың қазасына қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін тараптар қорытынды сөздерін айтуда, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайдыү
Прокурор Нұржан Билибеков сотта айыптау актісін оқып, сотталушы Айбар Жанболатқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Айыпталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеуі тиіс. Сондай-ақ прокурор сотқа дейінгі қамауда ұстау бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруды өтінді.
Бұдан бөлек, ҚК-нің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотталушы жәбірленушілерге ең төменгі айлық жалақының 30 есесі көлемінде — 117 060 теңге өтемақы төлеуге, сондай-ақ сот-медициналық сараптамаға кеткен 690 329 теңге шығынды мемлекетке өтеуге міндеттелуі мүмкін.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 21-інен 22 маусымына қараған түні Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған. Тергеу дерегінше, Айзат Жұманова тұрмыстық жанжал кезінде күйеуінің соққысынан көз жұмған.
Айта кетейік, сот бұл іс бойынша онлайн трансляция жүргізуге рұқсат бермеді. Сот отырысы барысында жаңа жайттар белгілі болып, бұған дейін марқұмның анасы жауап берген еді.








