Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан кетті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді.








