Сағыз құрамындағы синтетикалық полимерлер, иістендіргіштер мен консерванттар балалардың денсаулығына зиян тигізеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы А. Н. Реформатский атындағы бейорганикалық химия кафедрасының доценті Андрей Дорохов мәлімдеді.
“Сағызд ерімейтін синтетикалық масса полимерлерден тұрады. Сағызды жұтып қойған кезде адам денсаулығына қауіп төндіретін де осы полимерлер. Сағызды көп жағдайда кішкентай балалар жұтып қояды. Ерімейтін компоненттер асқазан-ішек жолында қорытылмай, жиналып қалуы мүмкін. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, кей жағдайларда ішек өтімсіздігіне әкеледі”, – дейді маман.
Дороховтың айтуынша, әсіресе бес жасқа дейінгі балалардың ағзасына сағыз үлкен қауіп төндіреді.
“Оған қоса сағыз тіс эмаліне әсер етеді. Сағыз көптеген дәм түрлері лимон, алма және басқа да қышқылдардың есебінен жасалады. Ұзақ шайнау кезінде бұл қышқылдар тістің қорғаныш қабатын біртіндеп жұмсартады. Әсіресе балалардың тістері әлсіз болғандықтан, олардың эмалі оңай зақымданады”, — деп түсіндірді маман.
Фото: depositphotos.com








