Таразда 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай 23 қыркүйек күні күндіз Таразда болған. Анасы қызын қорада асулы күйде тапқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.
№26 орта мектептің 9-сынып оқушысы неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр, полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Өзін-өзі өлтіруге жеткізу” бойынша іс қозғалды.
Қаза болған қыз соңғы екі айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала.
“Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған, сабырлы, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған. Тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген”, – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Фото: gov.kz








