Таразда кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып, мектеп оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.
Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйек күні Таразда кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып, соның салдарынан олардың бірі пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.
Бұл ақпаратты Жамбыл облысы полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, жасөспірімнің қазасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – “Адам өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Күдікті жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция департаменті.
Әлеуметтік желілердегі деректерге сәйкес, төбелес кезінде қаза тапқан баланың жасы 14-те болған. Сондай-ақ жанжалдың мектептен тыс жерде болғаны атап өтіледі.








