“Тарихи сәт”: Тоқаев маңызды теміржолдың екінші желісін іске қосты

Мемлекет басшысы “Достық — Мойынты” теміржолының екінші желісін іске қосты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды “New Silk Way” VII халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының басталуымен құттықтап, іске қосылудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

“Бәріміз “Достық Мойынты” теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. “Достық Мойынты” жолы шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін беретіні сөзсіз. Ал тарихымызға үңілсек, осыдан отыз бес жыл бұрын “Достық — Алашаңқай” жобасы іске қосылды. Қазақстан мен Қытайдың теміржолы тоғысты. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға болды”, – деді Тоқаев.

Ол бүгінгі рәсімге осы жолдың құрылысына қатысқан ардагерлер шақырылғанын атап өтіп, оларға шын жүректен алғысын білдірді.

“Мен халыққа Жолдауымда, көлік-логистика саласы – экономиканың қозғаушы күші, халықаралық байланысты нығайтатын негізгі фактордың бірі деп атап өттім. Қазақстанның бұл саладағы әлеуеті зор. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мен Орталық Азия арқылы өткен. Қазақ жері ежелден Қытай мен Еуропа арасындағы алтын көпір саналады. Қытай – біздің мәңгі, тату көршіміз әрі сенімді одақтасымыз. Біз бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетеміз. Қос халықтың қарым-қатынасы мызғымас достыққа, өзара сенімге негізделген. Елдеріміздің болашаққа деген көзқарасы — ортақ. Көп саладағы ынтымақтастығымыз нығаюда. Әсіресе, “Бір белдеу, бір жол” жаһандық жобасының мән-мағынасы айрықша. Баршаңызға мәлім, 2013 жылы Төраға Си Цзиньпин бұл бастаманы Қазақстанда жариялады. Біз осы жобаны барынша қолдаймыз, оны жүзеге асыруға белсене атсалысып жатырмыз. Себебі бұл бастама еліміздің мүддесіне толық сай келеді. “Достық — Мойынты” теміржолының екінші желісі — соның айқын дәлелі”, – деді Тоқаев.

Фото: Ақорда

 

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды