“Телефонды Русланға бер”: Берденовті атқан күдікті жұмыстан шығарылмаған

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан күдікті жұмыстан шығарылмағаны, оған бір ай уақыт берілгені белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz.

Берденовке жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр.

Куәгер ретінде Шымкент қалалық құрылыс басқармасының құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы Аманғали Кенжебеков пен қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтың көмекшісі Талап Рахымбердиевтің жауабы тыңдалды.

Куәгер Кенжебековтың айтуынша, оқиғаға дейін құрылыс басқармасының басшы орынбасары Ердәулет Әжібаев одан “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС басшысы Ернар Жиембайдың өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған-жазбағанын сұрауды өтінген.

“Мен Жиембайға хабарласып, арыз жазу мәселесін сұрадым. Ол “маған бір ай уақыт берілген еді, болды түсіндім” деп жауап берді”, – деді Аманғали Кенжебеков.

Сондай-ақ ол жұмыста кадрлық іс құжаттар жүргізу өзіне жүктелгенін айтты. Ал, жалпы айыпталушы Ернар Жиембайға қатысты тәртіптік шара көру немесе жұмыстан босату жөнінде ешқандай тапсырма түспегенін жеткізді.

Берденовтің көмекшісі Талап Рахымбердиев те куәгер ретінде тыңдалды. Ол Ернар Жиембаймен жиналыстарда бірнеше рет кездескенін айтты.  Олардың арасында жанжал немесе ашық келіспеушілік байқамағанын атап өтті.

Куәгердің сөзінше, екінші кездесуден кейін Жиембай бірнеше рет Берденовпен тікелей сөйлесуді сұрап, телефон арқылы байланысқа шыққан.

“Түсте звондаған кезде маған “Русланға берші телефонды” деді. Мен оған субординация сақтауды, дұрыстап сөйлеуді ескерттім. Себебін “өзім сөйлесемін” деп айтты. Соған қарамастан, ол қайта қоңырау шалып, Берденовтің үйіне баруы мүмкін екенін жеткізді”, – деді куәгер.

Іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр.

  • Related Posts

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды