Теңге бағамын сақтап қалу үшін бір күнде 125,6 миллион доллар жұмсалды

Ұлттық банк теңге бағамын сақтап қалу үшін бір күнде 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде интервенциялар жүргізді, деп хабарлайды +7.kz.

Қаржы реттеушісінің айтуынша, нарыққа төтенше кіруге өтімділіктің төмендеп, алыпсатарлық қысымның күшеюі себеп болған.

“Интервенцияларды жүргізу алыпсатарлық белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.

Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша тамызда Ұлттық банктің Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейін валюта сататыны күтіледі.

“Теңестіру” аясында шілдеде 290 млрд теңге алынды. Тамыз айында осы мақсатта шамамен 290 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу, “теңестіру” тетігін іске асыру кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді”, – делінген хабарламада.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұзақ мерзімді кезеңде кемінде 40% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк шілде айында биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 35 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 0,6%-ын құрады. Ағымдағы бағам деңгейінде БЖЗҚ валюта үлесінің 40%-дан асуына байланысты тамыз айында БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу жоспарланбайды.

Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Жалпы сауда көлемі 5,7 млрд АҚШ доллары болды.

Фото: istockphoto.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды