Тоқаев Абзал Нүкеновті қызметінен босатты

Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды +7.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды”, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.

1995-2000 жылдары — “Саясаттану” мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

2000-2005 жылдары — “Отан” партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант.

2005-2006 жылдары — Алматы қ. әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы.

2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдары — Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры.

2011-2016 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, меңгерушісі болды.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;

2018-2019 жылдары – “Астана” халықаралық ғылыми кешені” жекеменшік мекемесінде директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды.

2025 жылы 11 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.

“Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған.

 

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды