Дәрілік заттар және МӘМС жүйесі: Тоқаев денсаулық сақтау министріне тапсырма берді

Президент денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлайды +7.kz.

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды.

Ақмарал Әлназарова өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, “Қолжетімді емхана” тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді.

Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр.

2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды.

Министр медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде де ақпарат берді. Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады.

Ведомствоның мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.

Мемлекет басшысы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Фото: Ақорда

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды