Тоқаев: Қазақстанда биліктің бірегей үлгісі пайда болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мемлекеттік биліктің бірегей үлгісі пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі.

“Еліміздің саяси жүйесінде “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” қағидаты орнықты. Бұл билікте өзара тиімді байланыс пен тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік берді. Президенттің жеті жылға бір рет қана сайлануы ел тарихындағы аса маңызды саяси-құқықтық бетбұрыс деп айтуға толық негіз бар. Себебі мұндай жағдай Қазақстанда бұрын-соңды болған емес”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы елімізде биліктің бірегей үлгісі пайда болды, яғни, мемлекеттік басқару жүйесі жаңа қағидаға сай жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.

“Мемлекеттегі саяси үдерістер әлдеқайда түсінікті, болжамды, айқын бола түсті. Нақты айтқанда, Президенттің жақын туыстарына билік жүйесінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Биліктегі отбасылыққа тосқауыл қойылды. Бұл да өте қажетті қадам болды. Халықтың осы шешімі – аса маңызды саяси-құқықтық жаңашылдық, әлемде баламасы жоқ конституциялық инновация”, – дейді президент.

Фото: Ақорда

  • Related Posts

    Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

    Толығырақ

    Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

    Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды