Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
“Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді. Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды”, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдағанын жазғанбыз.
Фото: Ақорда








